Пятница, 18 апреля, 2025
ЖаңалықтарОқырман хатыКөкшетау тұрғындары әкімнен көмек сұрайды: Бір сәтте күлге айналамыз

Көкшетау тұрғындары әкімнен көмек сұрайды: Бір сәтте күлге айналамыз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бұл туралы редакциямызға Центральный шағын ауданының тұрғындары хабарласып, жанайғайын жеткізді.

Тұрғындардың айтуынша, Центральный шағын ауданында, Абылай хан көшесі мен Ғабдуллин көшелерінің түйісер тұсынан бастап, ескі зират пен Жансая тұрғын үй кешені аралығын қалың қамыс басып кеткен. Қураған қамыстың арасы күл-қоқысқа толы.

«От тиіп кетсе, мына жерден түк қалмайды. Қурап тұрған қамыстың биіктігі адам бойынан асады, арасында не жоқ. Тіпті, қаңғыбастар мен маскүнемдер де осы қамыстың ортасын тұрақты мекеніне айналдырып алған. Орысша айтқанда, «полная антисанитария». Қаланың қақ төрінде осындай салақтықты көргенде жылағың келеді. Әкімдер қайда қарап жүр? Қаланы әбден шашып бітірді. Бұл жерде жол дегенің мүлдем жоқ. Бетін аулақ қылсын, бірдеме бола қалса, жедел жәрдем, өрт сөндіру техникасы өте алмайды. Қанша тұрғын үйлер тұр, жаңадан салғандары да бар. Мүлдем жарық жоқ. Қараңғы қапаста тұрғандаймыз. Балалар үшін өте қаупТІ. Кішкентай балалар осы қамыстың арасымен мектепке қатынайды», — деп жанайғайын жеткізді қала тұрғыны Сырым Өтенов.

Еске сала кетейік, өткен жылы қала әкімі Бауыржан Ғайса журналистермен өткен брифингте аталмыш аумақта демалыс саябағын ашу жоспарда барын айтқан еді. Әкім өз сөзінде, бұған тұрғындар тарапынан белсенділік керек деген еді. Қазіргі таңда тұрғындар демалыс саябағы аймағы салынатынын күнді тағатсыздана күтуде.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...