ЖаңалықтарҚоғамКөкшетау техникалық институтына Мәлік Ғабдуллиннің есімі берілді Қоғам 17 мая, 2021 Көкшетау техникалық институтына Мәлік Ғабдуллиннің есімі берілді Автор: Koksheinform бөлісу FacebookTwitterPinterestWhatsAppэлектрондық поштаTelegram -Жарнама - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесі берілді. Жоғарғы оқу орнының тарихы 1973 жылдан басталады, Алматы қаласынан Көкшетау қаласына Қазақ КСР ІІМ басқармасының әскерилендірілген өрт күзетінің оқу жасағы көшірілді. Кейін өрт күзетінің кіші және орта басшы құрамын даярлау және қайта даярлау мектебіне, кейін ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесінің Көкшетау филиалына айналды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Көкшетау техникалық институты болып қайта аталды. Оқу орны ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты атты ескі атауын 2004 жылдың 29 қыркүйегінен бастап алған. Бүгінгі күні Институт 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандарды даярлайды: «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі». Институтта күндізгі, қашықтықтан оқыту, қосымша білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеттері жұмыс істейді. Институт тарихында бүгінгі күнге дейін 5000-нан астам маман даярлағанын атап өткен жөн. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. - Жарнама - бөлісу FacebookTwitterPinterestWhatsAppэлектрондық поштаTelegram Сондай-ақ...оқыңыз Жемқорлық Ақмола облысында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шара өтті Koksheinform - 8 декабря, 2023 - Жарнама - Степногорск Степногордің жылу жүйесі апаттан соң қалпына келтірілді 8 декабря, 2023 Маңызды Қазақстанда осы аптада 42 градус аяз болады 6 декабря, 2023 Оқиға Бурабай ауданында қан қысымы көтерілген зейнеткер құтқарылды 4 декабря, 2023 Соңғы жаңалықтар Жемқорлық Ақмола облысында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шара өтті 8 декабря, 2023 Степногорск Степногордің жылу жүйесі апаттан соң қалпына келтірілді 8 декабря, 2023 Маңызды Қазақстанда осы аптада 42 градус аяз болады 6 декабря, 2023 Оқиға Бурабай ауданында қан қысымы көтерілген зейнеткер құтқарылды 4 декабря, 2023 - Жарнама -