Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықКөкшетау ЖОО студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы туралы айтылды

Көкшетау ЖОО студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы туралы айтылды

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы Көкшетау қаласының Гуманитарлық-техникалық академиясының оқытушыларымен және студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті бағыттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың маңызды новеллалары туралы айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен қағидаттары бар өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамның парасаттылық жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Стратегиялық құжатта отбасы институты арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дамыту, құндылықтарды өзгерту және академиялық адалдықты нығайту мәселелеріне қатысты бірқатар түзетулер көзделген.

Сондай-ақ спикер кездесуге қатысушыларды Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы және «Бизнеске жол» жобасы аясында азаматтар мен кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелерді шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне кеңінен тарту мақсатында тамыз айынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылуда. Жобаның бағыттарының бірі – зерттеу және білім беру, оның аясында білім беру ұйымдарының әлеуеті арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешімдерді әзірлеу және сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу, студенттерді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізуге тарту көзделген.

Соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылуға ниет білдірді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...