spot_img
spot_img
12.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда 55,6 миллион теңгенің 83 тоннаға жуық өнімі саудағы шығарылды

Көкшетауда 55,6 миллион теңгенің 83 тоннаға жуық өнімі саудағы шығарылды

-Жарнама -spot_img

Көкшетау қаласындағы Тәуелсіздік алаңында Астрахан, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге өңірдің 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 55,6 миллион теңге болатын 83 тоннаға жуық өнім әкелді. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз арзанға сатылды. Соның ішінде 23 тонна ет және шұжық өнімі, 4 тонна балық, 6,4 тонна сүт және сүт өнімі, 11 тоннадан астам ұн, 5 тонна өсімдік майы, 33,5 тонна картоп пен көкөніс және өзге де өнімдер бар.

Жәрмеңкені аймақ басшысы Ермек Маржықпаев аралап көріп, азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img