-26.8 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысКөкшетауда алкоголь өнімдерін шығаратын жалған цех анықталды

Көкшетауда алкоголь өнімдерін шығаратын жалған цех анықталды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы тамыздың 15-де Көкшетау қаласы Гоголь көшесінде ер адамның алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысатыны туралы жасырын ақпарат түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 16-шы тамыз күні айтылған мекенжай бойынша алкоголь өнімдерін құю цехын анықтады. Жерасты цехын облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды. Цехтың үй-жайын тексеру барысында полицейлер 200 литр этил спиртін, 40 блок контрафактілік темекі өнімдерін және алкоголь өнімдерін құюға арналған арнайы ыдыстарды тапты.

Алынған өнімнің үлгілері сараптамаға, сондай-ақ тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін сәйкестік және қауіпті анықтау тұрғысынан зерттеуге жіберілді. Іс материалдары Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img