Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаСотКөкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты.

«Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды, осылайша «Н» іс-әрекеттерімен салымшылардың 291 миллион теңгеден астам сомасындағы қаражаты қаржы пирамидасына тартылды, олар криптовалютаға аударылған және «Платформа CP Group» платформасына есептелген.

Сот үкімімен «Н» азаматшасы кінәлі деп танылды және мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады!

«Baiqa, piramida!» ботының жеделхаттары арқылы компанияны қаржылық пирамида белгілеріне тексеруге болады.

Ақмола облысының прокуратурасы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...