Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен «Тәуелсіздік» алаңында өткен жәрмеңкеде өңірдің 100-ден астам кәсіпорындары жалпы сомасы 91,5 миллион теңгеге 84 тонна өнім ұсынды.
Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 50-ден астам азық-түлік атауларын, қала бойынша орташа бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алды.
Оның ішінде ет және шұжық өнімдері, балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, ұн, картоп, көкөністер және тағы басқалар бар.
«Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы» акционерлік қоғамы өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдері – қант, мүйіз, ұн, күріш, қарақұмық жармасы және күнбағыс майы тіркелген төмендетілген бағамен ұсынылды.
Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа жеміс ағаштары мен көшеттері, отын, пішен және астық қалдықтары сатылымға шығарылды.