Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті

Көкшетауда азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев халықтың әлеуметтік, тұрғын үй, коммуналдық салалар және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі толғандыратын сұрақтарына жауап берді. 100-ден астам мәселе қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы мен әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің жауапты тұлғалары өтініш білдірушілердің сұрақтарын жеке өзі тыңдап, жауап берді.
Станционный кентінде тұратын Райхан Тұрлыбекова бірден бірнеше мәселе бойынша – мәдениет үйін, мешітті салу және көше жарығын орнату бойынша өтініш білдірді.

«Мен Станционный кентінде 30 жыл тұрдым. Біз жыл бойы мәдениет үйін салу мәселесін көтеріп келеміз, өзім кітапханашы болып жұмыс істеймін, әр түрлі үйірмелер бар, көптеген балалар бар, оларға орын жетіспейді, өзіміздің мәдениет ошағымыз болғанын қалаймыз», – деді Р.Тұрлыбекова.

Өңір басшысы қала әкімдігіне, мәдениет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларына тиісті тапсырма берді.

Қала тұрғындары арасында ең өзекті мәселелердің бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету болды. Әрбір жағдай тұрғын үй заңнамасы шеңберінде жеке қаралды.
Айта кетейік, өңірде жалпы ауданы 114,8 мың шаршы метр 35 көппәтерлі тұрғын үйді, оның ішінде 41,5 мың шаршы метрге 12 жалға берілетін үйді іске қосу жоспарланған.

Коммуналдық салада тұрғындар Сарыарқа және Центральный шағын аудандарындағы көшелердегі жолдарды жөндеу, газдандыруды қамтамасыз ету, абаттандыру сұрауларымен жүгінді. Көкшетау әкімдігіне әрбір мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, қысқа мерзімде орындау тапсырылды. Қабылдау барысында коммуналдық қызметтердің жұмысы да атап өтілді.

«Мен мұнда рахмет айту үшін келдім, әсіресе ТҮКШ бөліміне. Өткен жылы Жақсы дүкенінен Сырымбет дүкеніне дейінгі жолды жөндеуді сұрадым. Бізге 30 жыл болмаған тротуар да, жол да салынды», – деді зейнеткер Кенжебек Келісов.

Іс-шара үш сағаттан астам уақытқа созылды, ол көптеген мәселелердің шешімін тапты. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

«Бірде-бір сұрақ назардан тыс қалмауы керек. Барлығы қолда бар заңнамаға сәйкес шешілетін болады», – деп қорытындылады Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...