Көкшетау қаласының Құрылыс бөлімі басшысының м.а. және сектор меңгерушісінің м.у.а. жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін мемлекеттік қызметтен босатылды.
Мемлекеттік мекеме басшысының м.а. заң нормаларына қарамастан, бұрын жемқорлық қылмыс жасаған адамды сектор меңгерушісінің м.у.а. ретінде жұмысқа қабылдады.
Бұл Ақмола облысы Антикоррупциялық қызметінің мониторингі барысында анықталды.
Мұндай әрекеттерге мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор басшылары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 681-бабы бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.
Қабылданған қызметкер Көкшетау Құрылыс бөлімінің басшысы бола тұра лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Ал бұл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салуға негіз болып табылады.