Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!
А.ж. 26 қаңтар күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көпсалалы облыстық аурухананың консультативтік-диагностикалық емханасында (мекен-жайы: Р.Сабатаев көшесі, 1, 3-корпус) Pro bono сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, сондай-ақ денсаулық сақтау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды.
Сіз білікті адвокаттардан, заң кеңесшілерінен, нотариустардан, жеке сот орындаушыларынан тегін заң көмегін ала аласыз. Ал Денсаулық сақтау басқармасының және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалының басшылығы азаматтарды қабылдайды.
Келіңіз және кез-келген құқықтық сұрақтарға жауап алыңыз!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының «Pro bono волонтерлік» бағыты шеңберінде құқықтық көмек ай сайын көрсетіледі.