Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетКөкшетауда Дина Нұрпейісованың 160  жылдығына арналған  «Әсем қоңыр» концерті өтті

Көкшетауда Дина Нұрпейісованың 160  жылдығына арналған  «Әсем қоңыр» концерті өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Концерт Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында ұйымдастырылды.

 

Қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктеткен, Қазақстанның музыка мәдениетінде аты аңызға айналған әйгілі күйшілердің бірі — Дина Нұрпейісова.

Құрманғазының батасын алған,  «Домбыраның Жамбылы» атанған,  күйшінің домбыра техникасын теңдессіз меңгеріп, қос қолмен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін  көргендер таң қалып, таңдай қаққан. Ал Дина Нұрпейісованың шығарған күйлері қазақ домбыра музыкасының классикасына айналды.

Концерт дирижер  «Ерен еңбегі үшін» медалі    мен   «Құрмет» орденінің   иегері Тұрлыхожа Базаровтың  жетекшілік етуімен К.Күмісбеков атындағы  қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауында Динаның «Тойбастар» күйімен ашылады.

Концерт барысында оркестрдің  домбырашылары  Динаның теңдесіз күйлерін орындады, атап айтсақ, Самал Әубәкірова «Кербез», Жұлдыз Мұқышева «Домалатпай», Арман Мәкен «Қара қасқа ат», Алмас Омаров «Жеңіс», Жанна Молғаждарова «8 март», Айгерім Шалқарова «Қазақстанға 30 жыл», Саят Бабаев «Күй ана», оркестрдің концертмейстері  Әбілсерік Кәмәшев «Бұлбұл».  Сонымен  қатар оркестрдің орындауында Дина Нұрпейісованың «Өттің дәурен», «Қайран шешем»,  дирижер Жанат  Рашиттың жетекшілік етуімен   «16 жыл», «Әсем қоңыр», «Партия туралы күй» , «Науысқы» туындылары да сомдалды.

Концертті  философия докторы (РһD), Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі, ақын-жазушы, «Алтын  тұғыр-2019» әдеби  сыйлығының  гран при иегері  Ерболат Баятұлы мен Самат Уатхан  жүргізді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...