Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетКөкшетауда III-ші аймақтық театрлар фестивалі ашылды

Көкшетауда III-ші аймақтық театрлар фестивалі ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық — драма теарының 25 жылдығына орай Көкшетау қаласында III-ші аймақтық театрлар фестивалінің ашылуы болып өтті. Аталмыш фестивальге Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл қалаларынан келген облыстық қазақ театрлары қатысуда.

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық — драма теарында өткен салтанатты шарада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін Ақмола өңірінде киелі Көкшетау жерінде үлкен той. Себебі биыл ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл және облыс руханиятының қара шаңырағы саналатын Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық — драма театрға 25 жыл толып отыр. Бұл театр ширек ғасыр ішінде түрлі белестерді бағындырып қана қоймай, еліміздің мәдениетінің дамуы жолында аянбай тер төгіп келе жатқан бірегей өнер ордаларының біріне айналды», — деді Айна Мысырәлімова.

Айта кетсек, ең алғаш 1996 жылы жазушы — драматург Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері Ақтоқты» драмасымен шымылдығын ашқан театр жыл санап қанатын кеңге жайып дамып келеді. Театр — бүгінге дейін әлем және қазақ классиктерінің 200-ге жуық қойылымын көрермен назарына ұсынып үлгерді. Олардың ішіндегі классикалық қойылымдардан У.Шекспир «Король Лир», Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн», С.Жүнісов «Абылай», А.Камю «Калигула», драмалық қойылымдардан Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы», О.Бөкей «Атау кере», комедиялық қойылымдардан О.Бодықов «Үйленгім келмейді», С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», Б.Әлімжанов «Құдалық» спектакльдерін атап өтуге болады.

Қазақ театры жыл сайын өнерлі жастармен толысып кемелденуде. Кешегі балауса театрдың ашылуына ат салысқан қыз — жігіттер бүгінгі таңда елімізге танымал өнер иелеріне айналып отыр.

Фестивальдің ашылуына орай, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық — драма теарында байқаудан тыс «P.S.Мен сені сағындым» қойылымы сахналанды.

Фестивальге қатысушы театр ұжымдары қыркүйектің 17-20 күндері аралығында ақмолалық көрермендерге өз өнерлерін ұсынатын болады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...