Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы сәуірдің 5-і күні Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс ортылығының тұрғыны хабарласып, 2006 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған сіңілісі Тойбазар Лейла Асхатқызын іздеп табуға көмек сұраған.
Оның сөзінше, сіңілісі 2023 жылдың 4 сәуірінде сағат 16:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Іздестіру шараларына ПБ жеке құрамы мен еріктілер жұмылдырылған.
Жоғалған қыздың белгілері: бойы – 150-155 см, дене бітімі арықша келген, шашы қара, қысқа қиылған, көздері – қоңыр.
Үстіне киген киімі: күңгірт жасыл түсті күрте, қара түсті шалбар, қара түсті кроссовка.