Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, спорт алаңы Қажымұқан атындағы №3 олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің аумағында ашылған.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Конституция күні қарсаңында нысанның пайдалануға берілуі балалар мен жасөспірімдер мектебінің қызметкерлері үшін қуанышты оқиға болды. Енді мұнда балалар футбол, баскетбол ойнап, стрит-воркаутпен айналысады.
«Жаңа алаң қоршалған және жарақаттанудан қорғайтын жабын төселген, барлық қажетті спорттық жабдықтармен жабдықталған. Біздің міндетіміз-жас спортшыларға қолайлы жағдай жасау. Алаң жыл бойы сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Балалар мұнда спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатын болады», — деп атап өтті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев.
Жалпы, бүгінгі таңда облыста 2 483 спорт ғимараты бар, оның 70 пайызы ауылда, онда әр түрлі спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істейді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биылғы жылы Жақсы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Бурабай ауданының Мәдениет ауылында спорт кешенінің құрылысын бастау жоспарланған. Сонымен қатар, Щучье қаласында Спорт сарайының құрылысына облыстық бюджеттен қаражат бөлінді, 12 ауданда жаңа спорт алаңдары ашылады. Шортанды кентіндегі стадионға күрделі жөндеу жүргізу қарастырылған.