Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда Қостанай облысында өртпен күрескен құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Көкшетауда Қостанай облысында өртпен күрескен құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін Көкшетауда Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы өрт сөндіруші-құтқарушыларға алғысын білдіре отырып, ақмолалықтар алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек жіберіп, отпен күресу үшін қосымша күш жібергенін атап өтті.

«Қостанай облысының тұрғындарын құтқаруға және елді мекендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ақмола облысынан 60 өрт сөндіруші мен 8 техника, сондай-ақ МИ-8 тікұшақ техникасы жұмылдырылды. Өрттерді сөндіру кезінде біздің құтқарушылар 2 мыңға жуық адамды эвакуациялады, 6 елді мекенді — Аманқарағай, Әулиекөл, Лесное, Бағаналы, Озерное және Қазанбасы ауылдарын құтқарды, сондай-ақ орманды дала алқаптарын сөндіруге қатысқан», — деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі Зеренді ауданындағы өртті жою кезінде азаматтық қорғау органдарының жедел жұмысын атап өтті.

Көкшетау қаласы Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің, Щучинск қаласы жасағының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар алды.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, Басаман КШШ аумағында алдын ала болжам бойынша 600 га алаңда ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген, өрт сөндіру желдің екпіні мен +36 градус қатты ыстықпен күрделене түскен. Өңірде өртті екі мыңнан астам адам мен 250-ден астам техника сөндірген болатын.

7 қыркүйекте Қостанай облысында ірі табиғи өртті ауыздықтауға қол жеткізіліп келесі күні Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД мен Солтүстік Қазақстан облысы өңірлерінен келген құтқарушылар үйлеріне жол тартса, Ақмолалық құтқарушылар ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін жұмысын жалғастырған болатын.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...