Четверг, 5 декабря, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықКөкшетауда Парасаттылық мектебі өз есігін қайта ашты

Көкшетауда Парасаттылық мектебі өз есігін қайта ашты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Парасаттылық мектебі жұмыс істей бастады.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин парасаттылық курстары тұлғаның берік адамгершілік негізі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез — құлықтың тұрақты дағдылары бар өскелең ұрпақты тәрбиелеу шеңберінде жақсы плацдарм болуы тиіс екенін атап өтті.

«Жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі, өйткені ол аға буынның мұрагері болып, мемлекеттің одан әрі дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдықты қалыптастыруға белсенді қатысатын жас балаларды көру қуантады. Парасаттылық мектебінде оқу барысында алған біліміңіз бен дағдыларыңыз болашақ өмірде міндетті түрде пайдаланылатынына сенемін», — деді Айдос Жақиялин.

Сондай-ақ, облыстың Антикор басшысының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дамыту және адамгершілік құндылықтардың өзгеруі мәселелері ағымдағы жылғы ақпанда Мемлекет басшысы бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында жеке блокпен көрініс тапқанын атап өтті.

Университеттің проректоры Айгүл Жақыпова студенттерге Парасаттылық мектебінде оқу бағдарламасы туралы айтып берді.

«Мектепте оқушылар сыбайлас жемқорлықты зерттеудің теориялық негіздерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті бағыттарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың маңызды жаңашылдықтарын біле алады. Дәріскерлер ретінде ЖОО оқытушылары, аймақтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының және Мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдері қатысады. Биылғы парасаттылық курстарының ерекшелігі — бұл тек оқу орнының студенттері ғана емес, олардың ата-аналары да қатыса алады. Ал курс аяқталғаннан кейін арнайы сертификаттар беріледі», — деді спикер.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Баубек батырдың 200 жылдығына арналған «Азат рухты Баубек батыр» облыстық ақындар айтысы өтті

Дәстүрлі айтыс өнерін насихаттау, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, қол жеткізген табыстарын, кешегісі мен бүгінгісін жарқыратып жыр жолдарымен өрнектеу, жас ұрпақты халқына, туған жерге деген...

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...