Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамКөкшетауда өрт сөндірушілер ауруханада жатқан балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Көкшетауда өрт сөндірушілер ауруханада жатқан балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Әр бала Аяз Атаның қолынан жаңа жылға сыйлық алуды армандайды. Алайда, мұндай мүмкіндік баршасында бола бермейді. Өкінішке орай, Ақмола облысының кейбір кішкентай тұрғындары мерекені ауруханаларда қарсы алуға мәжбүр. Балалардың көңіл-күйін көтеру үшін ТЖД қызметкерлері облыстық балалар ауруханасының пациенттеріне ертегі кейіпкерлерінің костюмдерімен келді.

– Біреулер Аяз ата ат немесе бұғы мініп жүреді деп ойлайды, ал бүгін бізге өрт сөндіру машинасымен ерекше сиқыршы келді! – дейді аурухана қызметкерлері.

Аяз ата мен Ақшақар үшінші қабатқа автосатымен көтеріліп, балаларға сыйлықтарын табыстау барысында тезірек сауығып кетулерін тіледі. Іс-шара «Доброе сердце» еріктілерімен бірге өтті.

Сонымен қатар, өрт сөндірушілер Жаңа жылды қауіпсіз өткізу мақсатында облыстық балалар ауруханасында өрт-техникалық сабақтарын өткізді.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...