Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіКөкшетауда студенттер TEDx форматында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды талқылады ​

Көкшетауда студенттер TEDx форматында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды талқылады ​

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде TEDx форматындағы студент жастармен кездесу өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов сөз сөйлеп, өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауға, парасатты мінез-құлық пен патриоттық рухта тәрбиелеу сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберіндегі бірінші кезектегі маңызды мәселе екендігін атап өтті.

«Біздің өңірде осындай белсенді, креативті және білімді жастарды көру көңіл қуантады. Алдағы уақытта да өз бастамаларыңыз бен идеяларыңызды іске асыруды жалғастыра отырып, әрқашан адал және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіз болып қала берсеңіздер екен деймін. ЖОО студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған іс – шараларға белсенді қатысуы басқа жастар үшін жақсы үлгі болатынына сенімдімін», – деді Арман Рахимов.

Сондай-ақ, Департамент басшысы студенттерді ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына түсу тәртібі туралы хабардар етіп, мақсатты жастарды алдағы уақытта Антикор қызметкерлерінің қатарын толықтыруға шақырды.

Іс-шара барысында әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, университеттің әдеп жөніндегі уәкіл, қоғам қайраткері Ғалым Байтук академиялық адалдықты қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Атап айтқанда, академиялық саясат ережелері енгізілді, оқу процесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы пәндер енгізілді, ағымдағы жылы студенттерді жатақханаларға орналастырудың электрондық форматын апробациялау жүргізілді, «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» ерікті клубтары жұмыс істейді.

Сондай-ақ, кездесуде медицина факультетінің 4-курс студенті Алмаз Теміров парасаттылық мәдениетін қалыптастыру аясында университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу тәжірибесімен және алған әсерлерімен бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар мен идеяларды әзірледі. Сонымен қатар, белсенді студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша TEDx форматындағы кездесулер қатысушылардың пайдалы ақпарат, пікір және идеялармен алмасуын білдіреді. Қазіргі уақытта мұндай кездесулер бүкіл республика бойынша өзекті болып отыр.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...