Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамКөкшетауда құтқарушыларға арналған мурал салынды

Көкшетауда құтқарушыларға арналған мурал салынды

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Құтқарушылар күні қарсаңында Көкшетау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне қазақстандық құтқарушыларға арналған арт-нысан (мурал) салынды.

Абылай хан даңғылындағы 9 қабатты тұрғын үйдің қасбетіне салынған муралда  Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасында орын алған өрт пен жарылысты жою кезінде қаза тапқан Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және азаматтық қорғау жүйесі қызметі бастығының орынбасары полковник Мейіржан Айманов бейнеленген.

Батыр-құтқарушының портретін Төтенше жағдайлар департаменті мен облыс орталығы әкімдігінің бастамасымен жергілікті «Design city» компаниясының ұжымы жасаған.  Суретшілер муралды салу  5 күн жұмыс істеді. Арт-нысан батырды еске алу үшін және арнайы кәсіби мереке — Құтқарушылар күніне орай ашылып отыр.

«Құтқарушылардың жұмысы өте қауіпті. Олар үнемі өзгенің өмірін сақтап қалу үшін өз бастарын қатерге тігеді, олар қиындықтың не екенін білмейді. Біздің міндеттіміз қайтсекте адамдарды қауіп-қатерден құтқару. Бүгінде облыста 1377 өрт сөндіруші-құтқарушы қызмет атқарады. Осы игі іске қолдау білдірген қала басшылығына алғысымыз шексіз», — деп атап өтті Ақмола облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...

Ақмола облысында автожол салу кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасына ашық бақылауды...