Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегі Ақмола облысында техникалық және кәсіптік колледж педагогтері арасында байқау өтті

 Ақмола облысында техникалық және кәсіптік колледж педагогтері арасында байқау өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

2021 жылғы 12-18 қазан аралығында Ақмола облысы колледждерінің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері «Көлік және байланыс», «Наубайхана шеберлігі», «Аспаз ісі», «Киім дизайны» құзыреттіліктері бойынша сайысқа түсті.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: А.С.Блялов — Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжінің ө/о шебері; А.Е.Искакова — Көкшетау қ. Құрылыс-технологиялық колледжінің ө/о шебері; В.А.Мамасалиева — Щучинск қ. жоғары техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы; Хавдыразах Кульжазира -Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің арнайы пәндер оқытушысы және тағы 16 педагог конкурстың республикалық кезеңіне облысымыздың атынан келесі бағыттар бойынша қатысады: «Энергетика», «Құрылыс», «Хореография», «Агрономия», «Ветеринария», «Инженерия», «IT-технологиялар», «Қонақ үй әкімшілігі», «Химиялық технология».

Кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары Ақмола облысы білім басқармасы басшысының дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Облысымызда педагогтар арасында «Үздік педагог», «Үздік ө/о шебері» және т.б. конкурс өткізіледі. Салалар бойынша педагогтар арасындағы аталмыш конкурс алғаш рет өткізілуде және ол педагогтарға өз шеберліктерін көрсетуге, үздік практикалармен алмасуға мүмкіндік береді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...