Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетаудағы жәрмеңке: азық-түлік нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан сатылды

Көкшетаудағы жәрмеңке: азық-түлік нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан сатылды

Көкшетауда ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы тауарларының жəрмеңкесінде 69,6 миллион теңгенің 70 тонна азық-түлік өнімі саудаға шығарылды, деп хабарлайды Koksheinform.

Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған бұл жолғы жəрмеңкеге Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Зеренді, Біржан сал, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандарының және Көкшетау қаласының, сондай-ақ «КОКЅНЕ» ӘКК ҰК» акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi қатысты.

Жәрмеңкені аралап, дүңгіршектер мен ондағы өнім түрлерін қарап шыққаннан Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңкеге өңірдің жүзге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлығы 69,6 миллион теңгеге 70 тоннадан астам өнім әкелген.

«Қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілердің 40-тан астам азық-түлік түрлері, оның ішінде ет, ұн, сүт өнімдері мен балық, жұмыртқа, қант, күнбағыс майы нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан ұсынылуда», – деді ведомстводан.

Сонымен бірге, жәрмеңкеде Ақмола облысының үздік көркемөнерпаз ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынды.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...