Понедельник, 9 декабря, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетКөкшетауда «Үздік экскурсовод» республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды

Көкшетауда «Үздік экскурсовод» республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы – Көкшетау қаласында тұңғыш рет «Үздік экскурсовод» республикалық байқауы өтті.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30» жұлдызды күн аясында Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауға Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 12 білікті экскурсовод қатысты.

Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің тарихы мен айбарын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен істерді ел ішіне жеткізу маңызды да жауапты міндеттің бірі болып отыр. Осы орайда халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни, тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа таратуда музейлердің маңызы зор. Музей — ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Музейлер — бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт. Сонымен қатар ол жинақталған мұраны ғылыми түрде зерттеп, зерделеп, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танытып отырады. Осы орайда, музей экскурсоводтарының білім тереңділігі, жан-жақты дамуы маңызы өте зор.

Тәуелсіздіктің мерейтойына арналған байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру, Қазақстанның киелі жерлерін насихаттау, тарихи-мәдени кеңістікті игеру арқылы музей қызметкерінің мәдени және білім деңгейін арттыру, бойларында патриотизм сезімін дамыту, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін құрметтеу мен ұқыпты қарауға тәрбиелеу, экскурсиялық қызметтің дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.

Құзыретті қазылар алқасының құрамына музеолог, ICOM Kazakhstan комитетінің вице-президенті Нұрсерік Жолбарыс, академиялық доцент, белгілі тарихшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша Гран-при дипломы және 500 мың теңге сертификатына Валентина Павлик (ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығы (Теміртау қаласы Қарағанды облысы) иеленді, 1-ші жүлделі орын дипломы мен 300 мың теңге сертификатымен Аягөз Махметова — Мәлік Ғабдуллин музейі (Ақмола облысы), 2-ші орын дипломы мен 200 мың теңге сомасындағы сертификатпен – Айнагүл Заит Көкшетау қаласы тарихы музейі (Ақмола облысы), 3-ші орын дипломы және 100 мың теңге сертификатымен Александр Кургузкин — Рудный тарихи-өлкетану музейі (Қостанай облысы) марапатталды.

Сонымен қатар, «Креативті экскурсовод» аталымы бойынша Әлиасқар Нәбиев — Абылай хан Резиденциясы музей кешені (Солтүстік Қазақстан облысы) иеленсе, «Көрермендер көзайымы» аталымында Айгүл  Серікова — М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи — өлкетану музейі (Алматы облысы) үздік атанды.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

2 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардыңқұқықтарынқорғаудыкүшейтугебағытталғантүзетулеренгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға...

Баубек батырдың 200 жылдығына арналған «Азат рухты Баубек батыр» облыстық ақындар айтысы өтті

Дәстүрлі айтыс өнерін насихаттау, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, қол жеткізген табыстарын, кешегісі мен бүгінгісін жарқыратып жыр жолдарымен өрнектеу, жас ұрпақты халқына, туған жерге деген...

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...