Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамКөкшетауда «Үздік мемлекеттік қызметші» облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды

Көкшетауда «Үздік мемлекеттік қызметші» облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында «Үздік мемлекеттік қызметші – 2021» облыстық конкурсын өткізді.

Байқау шарты бойынша қатысушылар мемлекеттік қызметтегі өз жұмысы, отбасы, қызығушылықтары, өмірлік құндылықтары мен кәсіби қасиеттері туралы бейнепрезентация дайындады. Сондай-ақ, қатысушылар түрлі шығармашылық жанрларда өздерін көрсете білген шығармашылық байқауда бақ сынасты. Байқаудың тағы бір шарты эссе жазу болды.

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыру – бақылау секторының бас маманы Айтолқын Болотқызы «Үздік мемлекеттік қызметші — 2021″» байқауының жеңімпазы болып танылды.

«Үздік презентация» номинациясында Атбасар ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Гүлдан Байкенова, «Өнерлі өрге жүзер» номинациясында Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Назира Шпанова, «Тәуелсіздік — мен үшін» тақырыбындағы үздік эссе» номинациясында Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Айжан Нөкербекова марапатталды.

Бұл іс-шара мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеруде ерекше маңызға ие, неғұрлым бастамашыл және талантты мемлекеттік қызметшілерді анықтауға және көтермелеуге ықпал етеді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...