1.2 C
Кокшетау
Четверг, 30 ноября, 2023
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетаудың автобус паркі жаңартылуда

Көкшетаудың автобус паркі жаңартылуда

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, қараша айында қалаға “Yutong” маркалы 50 жаңа автобус әкелінеді. Қазіргі кезде оның 7-уі жеткізілді.

Жаңа автобустар жергілікті климат жағдайына бейімделген, бейнебақылау, кондиционер,GPS автонавигатор,  сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Электронды билет алмасу жүйесі бар. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те қарастырылған.

COVID-19 алдын алу бойынша  автобуста дизенфекциялау құрылғысы және  ультракүлгін шамы орнатылған.

«2018 – 2020 жылдарға арналған автобус тасымалын дамыту бойынша кешенді бағдарламаға сәйкес, өткен жылы Қостанайдағы “СарыаркаАвтоПром” ЖШС құрастырылған “Yutong” маркалы  44 жаңа автобус сатып алынды», — дейді ведомстводан.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img