Пятница, 22 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауды «Nur Otan» партиясымен бірге көркейтеміз!

Көкшетауды «Nur Otan» партиясымен бірге көркейтеміз!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасы Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттар Zoom платформасы арқылы облыс орталығын  дамыту жайын қозғады. «Nur Otan» партиясы қалалық аумақтық филиалы өзінің сайлауалды бағдарламасында Көкшетауды көркейтудің жеті бағытын айқындап алған еді.

Ол облыс орталығын экономикалық тұрақты, жайлы, әлеуметтік-бағдарланған, жастарға арналған, қауіпсіз шаһарға айналдыру, тарих  пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті орган құру арқылы тұрғындардың өзекті мәселелерін бірлесе шешуді көздейді. Мәжіліс депутаттығына үміткер, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев еліміздің ертеңі жастар білім алып жатқан қаланың экологиялық таза болуына мүдделіміз дейді.

Себебі, осында тұрақтап қалып, жұмысқа орналасып, ұрпақ өрбітуді ойлайтын кез келген жасқа жақсы жағдай жасалса нұр ұстіне нұр. Олардың болашағына алаңдамай, қаланың экономикалық өркендеуіне сүбелі үлес қосуы үшін баспана алуында жеңілдіктер жасалғаны абзал. Партияның көздегені де сол. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат, Көкшетау теміржол вокзалы станциясының басшысы Роза Арыстанқызы сайлауалды бағдарламасында облыс орталығын көркейту, абаттандыруға баса мән беруді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде  сапта жүрген депутат қала тұрғындарының түйткілді мәселелерін жақсы біледі.

Өз сайлаушыларымен кездесу барысында да көп жағдайдың дұрыс шешім табуына үлесін қосқан. Сондықтан алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында жұмыс істейтін  «Nur Otan» партиясына сенім артуға болады. Қалалық мәслихат депуттатығына үміткер, «Коллайдер» ЖШС жетекшісі Владимир  Шиманский жастардың жеке ісін ашып, өз-өзін дамытуға жағдай жасау қажет деп санайды.

Өзінің сайлауалды бағдарламасына да осы жайтты енгізген. Облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жастар ұйымының төрағасы Мәнсия Есекеева болса, шығармашыл және белсенді жас ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін облыс орталығында көптеген шаралар жасалуы тиіс дейді. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлауалды бағдарламасы осы бағытқа басымдық берген.

Олардың тұлға болып қалыптасуы үшін осы кезден бастап жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Партияның ғимаратында коворкинг орталықтарының ашылуы да   жастардың өз мәселелерін ортаға салып, дұрыс шешім табуына ықпал етеді дейді. Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер, Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Мұхаммед Қоңқаев шығармашыл жастардың бойындағы талабы мен талантын ұштай түсу үшін жұмыс істемек.

Бұған дейін ұйымдастырылып келген ақындар айтысы, жыр мүшәйралары, әдеби кештердің үрдісін жалғастыру жоспарда бар. Жас ақындардың көпшілігінің басында баспана жоқ. Көкшетауда қалып, жұмыс істегісі келетін оларға жеңілдіктер жасалса көп мәселе шешілетін еді деді спикер. «Nur Otan» партиясы қалалық аумақтық филиалы төрағасының орынбасары Зәуреш Нұрымова облыс орталығын жандандыру жолында жасалып жатқан игі істер  туралы айтты.

Мұның бәрі қаланы жайлы етудің бірден-бір бастамалары. Ал, алдағы жоспарлар үлкен. Оның бәрі халықтың қамын жеген «Nur Otan» партиясымен жүзеге аспақ. Сондықтан 10-шы қаңтар күні әр көкшетаулық өз сайлау  учаскесіне  барып, нағыз бастамашыл партияға дауыс беруі тиіс. Zoom платформасы арқылы байланысқа шыққан тұрғындар өз сауалдарын жолдап, тиісті жауабын алды.

«Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық сайлау қорынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...