Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін шамамен түс кезінде орталық базар аумағындағы «Людмила» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат түскен. Қазіргі кезе, орталық базар аумағына кіре беріс жол қоршауға алынған. Бұл жерде құқық қорғау органдарының, жедел жәрдем бригадасы және өрт сөндіру қызметінің адамдары жұмыс істеуде.
Сауда үйінің персоналдары мен келушілері эвакуацияланды. Әзірге, жарылғыш заттың қойылған, қойылмағаны белгісіз.
Айта кетсек, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.