Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіКөкшетаулық НЗМ оқушылары туған өлкенің тарихи-мәдени құндылықтарымен терең танысуда

Көкшетаулық НЗМ оқушылары туған өлкенің тарихи-мәдени құндылықтарымен терең танысуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Туған елге тағзым» жобасы аясында Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбиеленушілері бір апта бойы туған өлкенің тарихын Ақмола облысының жергілікті кәсіпорындары, мұражайлары мен курорттық аймақтарының тарихы арқылы зерттеді. Бұл «Назарбаев зияткерлік мектебі» автономды білім беру ұйымының ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеуге бағытталған ең ірі жобаларының бірі болып табылатын зерттеу-өлкетану экспедициясы.

Экспедицияларға әр зияткерлік мектептен оқу, шығармашылық, спорттық және басқа жетістіктері үшін іріктелген «Жылдың үздік шаңырағы» байқауының жеңімпаздары жыл сайын қатысады. Экспедицияның ерекшелігі Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында Қазақстан аймақтарымен танысу және зерттеу жүргізу үшін бағдарлармен алмасу болып табылады.

Биылғы оқу жылында оқушылардың өлкетану экспедициялары өз өңірлерінің ішінде өтуде. Экспедицияның алғашқы күнін жас өлкетанушылар өлкенің көне мәдени мекемелерінің бірі болып табылатын тарихи-өлкетану мұражайына барды. Бүгінгі таңда облыстық мұражай өлкенің тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты мен мәдениеті бойынша 83 000-нан астам экспонаттарды құрайды.

Мұражай жетекшілері тарихи жәдігерлер жайындағы деректермен тереңірек бөлісті. Содан соң жас зерттеушілер Майбұлақ тауына жол тартты. Қызықты және танымдық экскурсиядан кейін 8 сынып оқушысы Қазикәрім Бекзат саяхаттан алған әсері тамаша екендігін айтты.

«Бүгінгі күні көптеген эмоциялар сезіндім. Көңіл-күйім қатты көтерілді. Мұражайға барғанда әр дәуірдегі қандай оқиғалар болғаны жайында естідім. Панорамаларды, қазбаларды, динозаврлардың сүйектерін көрдім. Бұл мені қатты таңқалдырды. Осы саяхат маған көп жақсы әсер беріп, жақсы көңіл-күйдемін», — деді Қазикәрім Бекзат.

«Туған елге тағзым» экспедициясының екінші күнін оқушылар «Болашақ сарайына» барумен бастады. Балалар заманауи технологиялармен жабдықталған ғимараттың игіліктерімен, өнер және спорт үйірмелермен танысып қайтты.Экспедицияның келесі күнібалалар Бурабайға аттанды. Қазақстандық Швейцарияның тау, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы аңыз-әңгімелерін естіп қана қоймай, табиғатта тамаша демалып, қармен ойнап қайтты.

Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Туғанелге тағзым-2021» экспедициясының 4 күнін «Кітапты тап» ойынынан және «Любимая первая страница» жобасының әдістемесі бойынша мәтінді талдаудан бастады, содан кейін балалар Мәлік Ғабдуллин мұражайына барды. Оқушылар М.Ғабдуллиннің мектеп жылдары, оның ҚазПИ-дегі оқуы туралы баяндайтын тұрмыстық заттарға, портреттерге, фотосуреттерге қызығушылық танытты. Ғалымның әдеби және ғылыми еңбектері, соғыстан кейінгі жылдардағы марапаттары, құжаттары оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Осыдан кейін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сүт өнімдерін шығаратын ЖШС «Гормолзавод» кәсіпорнына барып, қайта өңдеу, түрлі сүт өнімдерін дайындау процесін көріп, табиғи сүттен жасалған ескі кеңестік рецепт бойынша балмұздақтың дәмін татып көрді.

«Туған елге тағзым-2021» өлкетану-зерттеу экспедициясының соңғы күнін оқушылар флешмобтан бастап, кейін квест-ойынынымен жалғастырды. Квест барысында балалар станциялармен жүріп, тапсырмалар орындады. Тапқырлық бойынша станцияда жұмбақтар, мақал-мәтелдер тауып, физикалық жаттығулар жасап, кинофильмдерден қызықты деректерді білді

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...