ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен «Қадамдық жоспарды» орындау шеңберінде Ақмола облысы мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметі өкілдерінің қатысуымен кәсиби дағдыларды дамыту бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы А.Омаров мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес қызметтік тергеп-тексеру жүргізу тәртібін түсіндірді.
Сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік органдар жол беретін жүйелі бұзушылықтар, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайлар талқыланды, аталған бұзушылықтарға бұдан әрі жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Мастер-класс қорытындысы бойынша келіп түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.