Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКадр тапшылығын жоямыз

Кадр тапшылығын жоямыз

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Бурабай ауданындағы «Орленок» ЖШС директоры Павел Безвербный, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев «Көкшетау автобус паркі» ЖШС қызметкерлерімен жүздесті.

Өздерінің сайлауалды бағдарламасымен бөліскен кандидаттар басты мәселе, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс жағдайын түзеу, денсаулығына көңіл бөлу, жас мамандарға қолдау көрсету екенін алға тартты. Өз кезегінде сұрақтарын қойған мекеме қызметкерлері соңғы уақытта азық-түліктің бағасы қымбаттап кеткенін айтты. Осы мәселеге баса назар аударылса деген тілектерін жеткізді.

Жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелердің басты проблемасы –жас жүргізушілердің жоқтығы. Жастар бұл салада жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан  D  және D1 категориялы жүргізушілердің бәрі дерлік зейнет жасындағы адамдар. Кандидаттар да бұл мәселенің бар екенін жоққа шығармайды. Шынында да бұл өзекті мәселенің бірі.

Соңғы жылдары техник мамандардың да азайып кеткені алаңдаушылық тудырады. Сол себепті кіші инженер мамандарды дайындайтын оқу орындарына қамқорлықты күшейтіп, жастардың қызығушылығын тудыратындай жағдай жасау керек. Стипендия көлемін арттырып, осындай мамандықтарға жастарды көптеп тартуға ықылас танытқан абзал.

Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев өзі басқарып отырған аймақта механизатор мамандар азайып кеткенін алға тартты. Бұрын жастар тракторшы, механизатор мамандықтарына оқытылып, совхоздың атынан стипендия алып, кейін өз ауылына барып еңбек ететін. Қазір бұл үрдіс жоғалып барады. Сондықтан әр ауылда құрылған шаруа қожалықтарының иелері осы бағытта жұмыс істеп, өздеріне қажетті мамандарды дайындауға мүдделі болуы тиіс.

Кандидаттар осы және тағы да басқа мәселелерді назарға алуға уәде етті. Олар өз сөздерінде  нағыз халықтық ұйым «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды. Себебі, бұл партия қашанда халықпен бірге!

Мақала ақысы «Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...