Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамКадрларды іріктеудің объективтілігі бақылауда

Кадрларды іріктеудің объективтілігі бақылауда

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының әрбір кәмелетке толған азаматы мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу кезінде байқаушы ретінде қатыса алады.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес байқаушының конкурсқа қатысушылардың құжаттарымен танысуға, кандидаттармен әңгімелесуге қатысуға, әңгімелесу өткізу барысына баға беруге, мемлекеттік органның немесе мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның басшылығына конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін білдіруге мүмкіндігі бар.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аталған ережелердің нормаларын түсіндіру мақсатында бақылаушылар мен сарапшылар, сондай-ақ Ақмола облысы мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтерінің өкілдері үшін кезекті семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева байқаушылар институты конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің пәрменді құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың басынан бері бақылаушылардың қатысуымен 155 конкурс өткізілді. Сондай-ақ, кадрларды іріктеу тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Айта кету керек, байқау кезінде сарапшыларды шақыруға да жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Жазира ТОҚТАР, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы. 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...