Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградКандидат ауыл тұрғындарының шаңырағында

Кандидат ауыл тұрғындарының шаңырағында

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербныйдың Целиноград ауданына келген үгіт-насихат жұмысы сапары өз жалғасын канвассинг-кездесуімен жалғастырды.

Басты мақсат — «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. Бұл кездесудің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру.

Осы орайда аудандағы ауыл тұрғындарының шаңырақтарында болған кандидат П.Н. Безвербный сайлауалды бағдарламасының ауылды дамыту жолында бірқатар шаралар қарастырылғанын атап өтті.

Бала кезінен мүмкіндігі шектеулі 1 топтағы мүгедектер Асатрян Арам Варамовичпен Ковальчук Анастасия Андреевнаның және 2 топтағы мүгедек жан Хайбуллов Мансур Минзарифовичтің үйінде болып жүздесіп қайтты.

Канвассинг — кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктермен, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өңірдегі игі шараларды да жеткізіп, оларды мазалайтын мәселелерін де түртіп алды.

Сайлауалды бағдарламаның бағыттары қарапайым тұрғындардың қажеттілігін, талап-тілегін ескеретінін, «Халық үніне құлақ асатын» Үкімет концепциясы негізінде қызмет атқаратыны жайлы айтылды. Кездесу аясында тұрғындар өз шаңырақтарында қонақта болғанына зор құрметке ие болғандарын да жасырмады. Әсіресе кандидатпен пікір алмасып, келелі әңгімелесудің сәтті болғанын жеткізіп, өз сұрақтарына тұщымды жауабын алды.

Кандидат Павел Николаевич өз тарапынан аудан тұрғындарына 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясынын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...