Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметәнше, Қызылорда қаласында ерлер мен әйелдер асында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің 16 өңірінен 217 спортшы қатысты. Оның ішінде ақмолалық спортшылар жеке жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті.
«Карина Кұзғанбаева алтын медальға иеленіп, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды. Ал, Әлішер Байбұров жұлқи көтеруден екінші болып, жасөспірімдер арасында ел рекордын орнатты. Сонымен бірге, ол серпи көтеруде үшінші орыннан көрінді. Бұдан бөлек, Бейбіт Ахметова екі әдіс бойынша қола медальді місе тұтты. Жұлқи көтеруден Ислам Ілиясов те үшінші орын алды», — деді басқарманың баспасөз хатшысы Махаббат Большина.