Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегі«Киелі нысандарға туристік маршруттар» облыстық байқауының жүлдегерлері анықталды 

«Киелі нысандарға туристік маршруттар» облыстық байқауының жүлдегерлері анықталды 

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауға жалпы білім беретін мектептердің 20-дан астам оқушысы қатысты.

Байқау табиғи объектілерді, тарихи және мәдени мұраларды танымал етуге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етеді.

Байқау жүлдегерлерін Ақмола облысының туризм индустриясы және демалыс қауымдастығының төрағасы Шынарбек Батырханов, Ақмола облысының ішкі туризм және кластерді дамыту бөлімінің төрайымы Әсел Иманжанова сияқты туризм саласындағы тәжірибелі мамандар анықтады.

Байқау 3 аталымы бойынша өтті.

«Киелі нысанға ең үздік туристік бағыт» номинациясында қатысушылар көрнекті орындар бар аңыздар мен дәстүрлер туралы, маршруттың егжей-тегжейлі сипаттамасын құрулары қажет болды.

«Үздік экскурсия» аталымы бойынша қатысушылар өз ауданына экскурсияның бейне – материалдарын ұсынды. Ал «Үздік спорттық маршрут» аталымы бойынша қатысушылар жаяу, тау, су сияқты спорттық туризм түрлеріне арналған туристік маршрутын ұсынды» — деп атап өтті облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының әдіскерлері.

Біріншілік қорытындысы бойынша нәтижелер келесідей бөлінді.

«Киелі нысанға ең үздік туристік бағыт» аталымы:

1 орын- Мищенко Светлана, Есіл ауданы;

2 орын- Жәнібек Жеңіс, Атбасар ауданы;

3 орын- Гладышко Таисия, Зеренді ауданы.

«Үздік экскурсия» аталымы:

1 орын- Мищенко Светлана, Есіл ауданы;

2 орын- Кенжебаев Еламан, Көкшетау қаласы;

3 орын- Селянина Валерия, Сандықтау ауданы.

«Үздік спорттық бағыт» аталымы:

1 орын- Биндевальд Даниэль, Есіл ауданы;

2 орын- Аманжолова Аделия, Зеренді ауданы;

3 орын- Щербатых Вадим, Бурабай ауданы.

Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...