spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысКісі өлтіруде күдікті ізін суытпай ұсталды

Кісі өлтіруде күдікті ізін суытпай ұсталды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше,  2021 жылғы 02 мамырда сағат 20:42-де Астрахан аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Ұзынкөл ауылының 33 жастағы тұрғыны хабарласып, ауылдарының бірінде мал шаруашылығы фермасы аумағындағы тұрғын үйде ер адамның мәйіті табылғанын айтты.

Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғады.

Анықталғандай, көз жұмған адам 43 жастағы жергілікті тұрғын.  Мойын тұсынан екі жерден пышақ жарақатын алған.

Марқұм күдіктіге ішімдік ішуге келгені белгілі болды. Осы қылмысқа күдікті ретінде 45 жастағы малшы ұсталды. Ол фермада 8 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, күдіктінің «ауыр дәрежедегі» алкогольдік масаңдығы анықталды. Мойындау айғақтары бар. Кісі өлтірудің нақты себебі анықталуда. Күдікті Астрахан ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img