Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыКонструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді – Үкімет қаулысы

Конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді – Үкімет қаулысы

Сондай-ақ, оқыңыз...

Үкімет елге әкелінген конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қазақстандықтарға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді. Ал, бұған дейін елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болды.

Үкімет бұл мәселені шешу үшін азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді.

Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі – 200 мың теңге. Тіркелу үшін:

1) өтініш;

2) ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеріп-қарау актісі;

3) техникалық тексеріп-қараудың диагностикалық картасы болуы қажет.

Автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді Egov қызметтері және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

Айта кету керек, елге қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген автокөлікті тіркеу куәлігінде меншік құқығын өзгертуге тыйым салу және тек ҚР аумағында пайдалануға рұқсат беру туралы жазба көрсетіледі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акция басталғалы республика бойынша 107 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Сонымен қатар, 14 мыңға жуық конструктор-автокөлік анықталған.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...