Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыКорея мен Индонезияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Корея мен Индонезияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Тағы екі елде, атап айтсақ, Корея мен Индонезияда коронавирус инфекциясының жаңа «британдық» штамы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, дүйсенбі күні Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау органдары коронавирустың жаңа штамын жұқтырудың алғашқы жағдайларын растады. Ұлыбританиядан келген үш адамнан вирустың «британдық» штамы анықталған. Осы елден ұшуға тыйым салуды жыл соңына дейін тағы бір аптаға ұзарту туралы шешім қабылданды.

Кореяның ауруды бақылау және алдын алу агенттігі (KDCA) аталған үш адамның бір отбасы мүшелері екенін хабарлады. Осы отбасымен Оңтүстік Кореяға бірге ұшып келген барлық жолаушы мен ұшақ экипажы жаңа штамды жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау үшін қайта тестілеуден өтеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Индонезия коронавирустың жаңа жұқпалы штаммының таралуын тоқтату үшін барлық шетелдікке екі аптаға кіруге тыйым салады. Бұл туралы дүйсенбіде елдің Сыртқы істер министрі Ретно Марсуди хабарлады.

Британдық зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың жаңа штамы ескі нұсқаға қарағанда 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін. Жаңа нұсқа алғаш рет қыркүйектің ортасында Ұлыбритания астанасы — Лондонда пайда болды деп болжануда. Жаңа штамм бірқатар елде, атап айтқанда Аустралия, Дания, Германия, Италия, Испания, Канада, Нидерланд, Швейцария, Франция және Жапонияда анықталған еді.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/tagy-eki-elde-koronavirustyn-zhana-shtamy-anyktaldy_a3735060

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...