Ақмола облысының «сары аймаққа» өтуіне байланысты Көкшетау және Степногорск қалаларына кіреберістегі санитарлық постар алынады.
Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, 2020 жылғы 12 желтоқсанда сағат 00:00-ден бастап, Көкшетау және Степногорск қалаларына қатынауға кедергі болмайды, ПТР анықтамасы талап етілмейді.
«Санитарлық постар алынғанымен облыс тұрғындары мен қонақтарын аса қажеттілік болмаса, елді-мекендерге бейсауат қатынамауға шақырамыз», — дейді Айнагүл Мусина.
Айталық, «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр.