spot_img
spot_img
12.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚазақстанКоронавирус: Теңіз кенішіндегі стационарға тағы 15 медицина қызметкері барады

Коронавирус: Теңіз кенішіндегі стационарға тағы 15 медицина қызметкері барады

-Жарнама -spot_img

Атырау облысындағы Теңіз кенішіндегі стационарға тағы 15 медицина қызметкері барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова мәлім етті.

«Теңізшевройлдан» инфекциялық стационардың төртінші блогының​ ашылатыны туралы хат келді. Қазір Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационардың үш блогы жұмыс істеп тұр. Өткен аптада бұл стационарға 8 медицина маманы жіберілді. Енді тағы 15 медицина қызметкерін жіберу жоспарланып отыр. Оның ішінде 1 дәрігер, 7 мейірбике, 7 кіші буын қызметкері бар. Бүгінгі күні кен орнындағы инфекциялық стационарда 23 медицина маманы қызмет көрсетуде» дейді Нина Оспанова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде бір тәулікте 42 жұмысшы індет жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.


Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img