Криптовалютаға қаражат салу процесіндегі алаяқтық — сенгіш пайдаланушыларды ақшаға алдаудың тағы бір кең таралған әдісі, — деп ескертеді ақмола полицейлері.
Қаскөйлер адамдарға өте жоғары кірісті уәде етіп азғырады. Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Ерейментау АПБ-на 46 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті, ол 28 қыркүйек пен 1 қараша аралығында белгісіз тұлғалар оған тиесілі 6 млн. 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.
Алдын ала тергеу барысында 28 қыркүйектен 11 қазанға дейін интернет желісінің сайттарының бірінде менеджердің басшылығымен ақша капиталын көбейту мақсатында өтініш беруші криптовалюта ойнап, ақшалай қаражатты «ENS invest» компаниясының шотына және google қосымшасына аударғаны анықталды.
2022 жылдың 1 қарашасында бұл сайт бұғатталып, әйел алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Осы фактіге сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары кірістің жоғары деңгейіне кепілдік бере отырып, криптовалютаға инвестициялау мүмкіндіктерін ұсынатын компанияларға сенбеуге шақырады. Біраз уақытқа дейін олардың цифрлық платформалары инвестициялардың болжамды өсуін көрсетеді, бірақ инвесторлар бұл қаражатты алуға тырысқанда, бұл мүмкін емес екендігін түсінеді.
Егер сізге жүздеген пайыз пайда мен жоғары кірістің кепілдігі ұсынылса, онда сіздің алдыңызда алаяқтар болуы мүмкін екенін ескеріңіз.