Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысКвадроциклдің мас жүргізуші мен жолаушысы полицияға қарсылық көрсетті

Квадроциклдің мас жүргізуші мен жолаушысы полицияға қарсылық көрсетті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық Пд баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға ағымдағы жылғы тамыздың 18-де түнгі уақты 00:30-да Бурабай ауданында болған. Полиция қызметкерлері квадроциклдің 45 жастағы жүргізушісі мен жолаушысын ұстады. Олар автожолда жарыс ұйымдастырып, артынша полицейлерден қашып құтылуға тырысқан. Кейін ұсталған кезде былапыт сөйлеп, полицейдің бейнетіркегішін зақымдап, қарсылық көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері аталмыш квадроциклдің 17 тамыз күні ұрыланғанын анықтады.

Күдіктілер квадроцикл жүргізушісі бұрын ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша, 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотталған Нұр-Сұлтан қаласының 45 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ал, оның қасында отырған жолаушы Қостанай қаласының тұрғыны болып шықты. Олар ауырлығы орташа алкогольдік масаң күйде патрульдік полицейлерге дене жарақатын салуға тырысты. Полиция қызметкерлерінің шебер әрекеттерінің арқасында тәртіп бұзушылар ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Қазіргі уақытта Бурабай АПБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 200-бабының 2-бөлігі «автомобильді заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі іс бастады, сонымен қатар ҚР ҚК 380-бабының 2-бөлігі бойынша полиция қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде қарсылық көрсету және оған қатысты зорлық-зомбылық қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...