Бұзушылық «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс – шарасы аясында анықталды. Ағымдағы жылдың 16 наурызында Экстремизмге қарсы іс-қимыл құрылымының қызметкерлері мен Бурабай ауданының полиция бөлімінің жедел қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу барысында, Зеленый Бор кентінің тұрғынының қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады. 33 жастағы ауыл тұрғынының тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде полиция қызметкерлері 16 калибрлі «ТОЗ-63» маркалы тегіс ұңғылы екі ұңғылы мылтықтың тіркелмеген кескінін тауып алды.
Ведомстволық деректер базасы бойынша бұл қару тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта мылтық тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс – шарасы Ақмола облысының аумағында 14 наурызда басталды. Оның мақсаты — қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Тәртіп сақшыларының ерекше бақылауында қару қолдану арқылы қылмыс жасау. Әртүрлі тыйым салынған заттарды, есірткі құралдарын және атыс қаруын заңсыз сақтаған азаматтарды анықтау үшін криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі құрылымдарының қызметкерлерінен арнайы топтар құрылды. Қабылданған шаралармен үш күн ішінде заңсыз айналымнан 10 бірлік атыс қаруы тәркіленді. Фактілер Степногорск қаласында, Бурабай, Зеренді, Сандықтау және Целиноград аудандарында анықталды.
Ақмола полицейлері қаруды заңсыз сақтағаны, дайындағаны және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.