Атбасар қаласы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы жеке тергеу жұмыстарымен 900 мың теңгеден астам ұрлықтың бетін ашты.
Атбасар ПБ полиция бөліміне жасалған қылмыс туралы 70 жастағы жергілікті тұрғын өтініш беріп, полицейлерге а.ж. 18 шілдесінде белгісіз тұлға еркін қол жеткізу арқылы үйден 400 мың теңге және 1 мың 185 еуро сомасындағы ақшалай қаражатты ұрлағанын хабарлады.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы оқиға орнынан саусақ іздерін алып, ал учаскелік инспектор капитан Қанат Шәмшуәлиев ықтимал куәгерлерден жауап алды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 32 жастағы жергілікті тұрғын, жәбірленушінің болашақ келіні болып шықты. Қаскүнем жасаған әрекетін мойындады.
Атбасар АПБ аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заттай дәлелдемелер, атап айтқанда ақшалай қаражат тәркіленіп, өтініш берушіге қайтарылды.
Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жеке мүлкін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырады.