Еліміздің бас қаласына тікелей жақын орналасқан Ақмола облысы тек өңір тұрғындарын ғана емес, Астана тұрғындарын да азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың 20 ауданы кірді.
«Қазіргі уақытта өңірдің 130 кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен айналысады, олар өз өнімдерін елорданың Магнум, Астықжан, Смолл және Еуразия, әлем, Шапағат сияқты 44 ірі сауда нүктелеріне жеткізеді. «Ақмол» дүкендер желісі жұмыс істейді, онда өңірдің ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін сатады», — деп атап өтті облыс әкімі.
Бірнеше жыл ішінде барлығы 18,3 млрд.теңгеге 48 маңызды инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы 266 млрд. теңгеге 16 жоба жоспарланған.
Бұланды ауданында өсімдік майын өндіру, Атбасар ауданында көкөністердің жылыжай өндірісі, сүтті-тауарлы фермаларда сүт, барлық түрдегі ет, ұн және жарма өнімдері. Сондай-ақ, 5,5 мың тонна балық пен форель және бекіре тұқымдас уылдырық шығару игерілетін болады.
«Жалпы, облыста жүзеге асырылып жатқан іс — шаралар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады», — деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, жыл басынан бері елорда нарығына 62 мың тонна сүт өнімдері, 14 мың тонна ет және ет өнімдері, 105 млн.дана жұмыртқа жеткізілді.