Ақмола облысының полицейлері Астрахан ауданының 42 жастағы тұрғынынан нөмірі мен калибрі жоқ оптикалық көздеуіші бар винтовканы тәркіледі. Ақмолалық тұрғын бұған дейін есірткі қылмысымен күрес басқармасы жедел уәкілдерінің көзіне түскен болатын.
Ағымдағы жылғы 5 сәуірде жедел іс-шаралар өткізілгеннен кейін полицейлердің күдіктері расталды. Ер адамның айтуынша, оған 2018 жылы қайтыс болған туысы мылтықты берген.
Күндіз, 6 сәуірде криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Бурабай ауданының тұрғынынан тіркелмеген тегіс ұңғылды бір ұңғылды «Сайга 410к-01» маркалы мылтықты тауып алып, тәркіледі. Барлық тәркіленгендер сараптамаға жіберілді.
Екі факт бойынша тергеушілерге ҚР ҚК 287-бабының 2, 3-бөліктеріне сәйкес «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу шеңберінде мән-жайларды анықтау қажет.