Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаАқмола полицейлері жоғалған Біржан сал ауданының тұрғынын іздестіруде

Ақмола полицейлері жоғалған Біржан сал ауданының тұрғынын іздестіруде

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 27-де кешкі сағат 19:49-да Біржан сал ауданының ПБ кезекшілік бөліміне Үлгі ауылының 35 жастағы тұрғыны хабарласып, 1989 жылы туған әйелі Динара Жеңісқызы Рахимованы іздеп табуға көмек сұраған.

Ер адамның сөзінше, әйелі 27 қазан күні сағат 16:20 үйінен шығып кеткен, содан бері хабарсыз. Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеудің «адамның жоғалып кетуі» бірыңғай тізілімінде тіркелді. Іздестіру жұмыстарына Біржан сал және Бурабай аудандарындағы полиция бөлімдерінің жеке құрамы, жұртшылық және оларға берілген күштер жұмылдырылды.

«Полицейлер сарай ғимаратын, шаруашылық құрылыстарын, қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстарды сүзіп шықты. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттей келе, Д.Рахимова сағат 16:20 шамасында «Степняк-Щучье» автожолына шығып, жол бойымен Щучье қаласына қарай бет алғандығын анықтады. Қазіргі уақытта жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — деді ведомстводан.

Жоғалған адамның белгілері: бойы 165-170 см, дене бітімі мығым, шашының ұзындығы орташа, қара түсті, көздері қара, тік мұрынды, ерні жұқалау келген, құлақтары жабысқан.

Үстіне ақ түймелері бар көк түсті күртеше, сұр түсті әйелдер қалпақшасы, «R» әрпі және ақ жолағы бар қара түсті рюкзак, ақ табаны бар қара түсті спорттық кебіс, қара түсті трико киген.
Д.Рахимованы көрген адамдар болса, дереу 8(716-39) 2-10-02, 2-17-38, 2-15-33 немесе «102» телефондары арқылы хабарласуға болады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...