Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Степногорск қаласының полиция басқармасына 30 жастағы жергілікті тұрғыннан алаяқтық жасалғаны туралы өтініш келіп түсті. Азаматша өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған белгісіз ер адам алдау жолымен ҚР екі Банкінің депозиттерінде сақталған оның 1 млн 616 мың және 199 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгенін хабарлады.
Жәбірленушінің айғақтары бойынша белгісіз адам оған өтініш берушінің атынан банк қызметкерлеріне қаржы операцияларын жасауға сенімхат берген әйелдің аты-жөнін хабарлаған.
Әрі қарай, жәбірленушінің айтуынша, ер адам алаяқтықтың «алдын алу» үшін банк қызметкерлері онымен байланысатынын, ал азаматша олардың нұсқауларын қатаң сақтауы керектігін ескерткен.
Алаяқтық схеманы бұлжытпай орындатқызған банктің жалған қызметкері ақмолалық тұрғынның депозиттеріндегі ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, «24 касса» арқылы «Форте банктың» шотына аудару қажеттігі туралы айтқан.
Алаяқтардың нұсқаулығын орындаған әйел қаражатынан айырылып, полицияға жүгінген.
Степногорск қаласының полиция басқармасы аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары. Егер сізге «банктен» қоңырау шалса немесе өздерін «полиция қызметкерлері» етіп таныстырып, жинақтарыңызды «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынса, сіз алаяқтармен сөйлесіп тұрғаныңызды біліңіз!
Есіңізде болсын, банк пен полиция қызметкерлері ешқашан қаржылық операциялар жасауды сұрамайды!
Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, алаяқтар өздерінің қылмыстық әрекеттерін жасау үшін адамның психикалық жағдайына әсер етудің әртүрлі әдістерін, соның ішінде нейролингвистикалық бағдарламалау әдістерін қолданады.
Сондықтан, күдікті қоңыраулар түскен кезде диалогқа кіріспей, сөйлесуді дереу тоқтатыңыз және абонентті бұғаттаңыз.