Саяси салмақтың айырмашылығын ескерсек, партияларды біріктіру туралы әңгіме болмағаны анық. «AMANAT» – жетекші саяси күш. «AMANAT» партиясының әр өңірде, ауданда филиалдары, 238 қоғамдық қабылдау бөлмесі, жеткілікті кадрлық әлеуеті, партиялық БАҚ-ы («Нұр Медиа» холдингі), үлкен сайлау тәжірибесі бар екенін ескерсек, ол адалдықтардың ең озық идеяларын толыққанды жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады.
Осылайша, «ADAL» партиясы 2020 жылы ребрендингтен кейін жұмысын қайта құрылымдау арқылы айтарлықтай күшейді. Мысалы, партияның «Скрининг» сияқты қызықты жобаларына назар аударуға болады. Жоба аясында үй шаруашылықтары мен кәсіпкерлер тексерілді, «Отбасылардың цифрлық төлқұжаты» қалыптастты, партиядан сайланған ауыл әкімдерінің жұмысын әдістемелік қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«ADAL» партиясының осы және басқа бастамаларын «AMANAT» партиясы ауқымды деңгейге шығарады. Ал, олар өз кезегінде «AMANAT» партиясының жұмысын сапалы түрде модернизациялау мен трансформациялауды қамтамасыз етеді.
Анар Кекенова,
«AMANAT» партиясы Есіл аумақтық филиалының атқарушы хатшысы.