Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде қалалық полиция басқармасына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің басшысының компанияның қоймашысы жалпы сомасы 14 миллион теңгеден астам аккумуляторлық батареяларды ысырап еткені туралы өтініші келіп түсті.
2021 жылдың маусым айынан бастап осы жылдың маусым айына дейінгі кезеңде кәсіпорында 240 аккумулятор жетіспейтіні анықталды.
Аталған фактіге сәйкес тергеушілер ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу шеңберінде қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
67 жастағы қоймашыға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы -келу міндеттемесі таңдалды.