Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды. Көкшетау қалалық соты ірі көлемде гашиш есірткі заттарын сатумен айналысқан Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды. Есірткі сатушыға қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Айыпталушының заңсыз әрекеті осы жылдың ақпан айында тоқтатылды. Көкшетау қаласының тұрғыны гашиштің есірткі екенін біле тұра, материалдық баю мақсатында, заңсыз сақтап, кейіннен өткізуге бағытталған қылмыстық ниеті болып, жалпы салмағы 9,46 грамм гашиш есірткі затының екі қағаз түйіншегін сатқан, бұл өз кезегінде үлкен өлшем болып табылады. «Сатып алу — сату» мәмілесінен кейін бірден сатушыны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.
Оған қатысты тергеушілер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. ҚР ҚК 297-б.2-Б. (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу).
Бірнеше ай бойы қажетті тергеу іс-шаралары мен сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша ақмола тұрғыны есірткі қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Жазалау шарасын тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар, атап айтқанда, бес жас баланың болуы және сотталушының шын жүректен өкінуі ескерілді. Осы жылдың маусым айында Көкшетау қалалық сотымен ер адамға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.