Ақмола облысы Ақкөл ауданының елді мекендерінің бірінің 13 жастағы баланы есеңгірететін заттарды пайдалануға және спирттік ішімдіктерді бірнеше рет ішуге тарту фактісі анықталды. Заңсыз әрекеттер 2021 жылғы 25-26 желтоқсан аралығында жасалғаны анықталды.
Қазіргі уақытта Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігіне «Кәмелетке толмаған баланы қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту» сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Кәмелетке толмаған жасөспірімді алкоголь және құрамында спирті бар өнімдерді, есеңгірететін заттарды жүйелі пайдалануға (ішуге) тарту жасөспірімдер маскүнемдігі үшін ауыр зардаптарға ие, ал баптың санкциясы осы қылмыс үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды барынша жазалауды көздейді.